Нұрдәулетов: Басты міндет - азаматтарымызды қылмыскерлерден қорғау

28 Қаңтар 2021, 15:02
1154
Бөлісу:
Нұрдәулетов: Басты міндет - азаматтарымызды қылмыскерлерден қорғау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Алматы облысы мен Алматы қаласында болды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау ведомствосының басшысы прокурормен процестік шешімдерді келісудің жаңа тәртібі бойынша құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыру мен өзара іс-қимылын тексерді. Ішкі істер министрінің орынбасарымен бірге екі өңірдің прокуратура және полиция басшыларымен кездесу өткізді.

Ғизат Нұрдәулетов қабылданған шешімдерді қадағалаудың электрондық форматының уақытты үнемдейтінін және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Біз бірге Президенттің полиция, прокуратура және сот арасында жауапкершілік аймақтарын нақты бөлу жөніндегі тікелей тапсырмасын орындаймыз. Осы форматта бір айға жуық уақыт жұмыс істеп келеміз. Оның оң нәтижесін, әрине, қазірдің өзінде көріп отырмыз. Қателіктердің, бұзушылықтардың аз болуымен, сәйкесінше, процеске қатысушылардың шағымдарының алғышарттарын азайтамыз. Басты міндет - азаматтарымызды қылмыскерлерден қорғауды қамтамасыз ету және сонымен бірге заңсыз айыптауға жол бермеу, - деді Бас Прокурор.
Прокурорларға қылмыстық процесте қадағалауды күшейту, бұзушылықтарға принципті түрде ден қою және барлық құқық қорғау органдарын үйлестіруді жолға қою тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап прокурорлар күдікті деп тану, оның әрекетін саралау, қылмыстық істі үзу және тоқтату туралы тергеу шешімдерін келіседі, сондай-ақ теріс қылықтар бойынша хаттамаларды бекітеді.Бұл Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын орындау аясында жүзеге асырылатын қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бастапқы кезеңі.

Барлық новелла қылмыстық орбитаға түскен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.


Өзгелердің жаңалығы