Нұрболат Дәкебаев полицияға өз еркімен берілмеді – полиция

2 Ақпан 2024, 11:48
885
Бөлісу:
Нұрболат Дәкебаев полицияға өз еркімен берілмеді – полиция
Фото: Арман Мухатов - архив

Қарағанды ​​облысы полициясының баспасөз қызметі жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктінің өз еркімен полиция берілгендігі туралы сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 2 ақпанына қараған түні әлеуметтік желіде Нұрболат Дәкебаевтың бейне үндеуі пайда болды.

Видеода ол жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, өз еркімен берілуді жоспарлап отырғанын айтты.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.

Алайда Қарағанды ​​облысының полиция департаменті оның өз еркімен берілмегенін айтты.

Іздеудегі күдікті Дәкібаев заңды және іс жүзінде өз еркімен берілген жоқ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамды тапсыру қарастырылған, - делінген Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство бұл жағдайда кінәсін мойындау немесе полицияға өз еркімен келу болмағанын тағы да баса айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Дәкебаев ұстады. Қылмыстық істі тергеу істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, - деді Қарағанды ​​облысының полиция басқармасының бастығы Санжар Әділов.

Еске салсақ, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққы жыққан ер адамның видеосы тарады. Кейін қаскөйдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Зорлық-зомбылық құрбаны болған жүргізуші оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Кейін іздеуде жүрген күдікті, кешірім сұрап, өз еркімен берілетінін айтып, видео жолдаған еді.

Өзгелердің жаңалығы