Нұрбек Пұсырманов Мемлекет тарихы институтының директоры болып тағайындалды

27 Маусым 2023, 19:41
1624
Бөлісу:
Нұрбек Пұсырманов Мемлекет тарихы институтының директоры болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекет тарихы институты» Мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Нұрбек Пұсырманов тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа басшыны ұжымға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Д. Ахмед-Заки таныстырды.

Н. Пұсырманов 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (тарих бакалавры), 2013 жылы магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD).

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2018-2021 жж. Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, 2020-2021 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті м.а., 2021-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті болған.

24 ғылыми және 6 танымдық жарияланымдар, «Қазақстан тарихы» (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. «Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде» тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Өзгелердің жаңалығы