Нұр-Сұлтаннан Қостанай бағытына жаңа Тальго пойызы шықпақ

11 Маусым 2022, 18:20
2463
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Қостанай бағытына жаңа Тальго пойызы шықпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Тальго пойызы 2 шілдеден бастап Нұр- Сұлтаннан Қостанайға қатынай бастайды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Қостанай бағытындағы №81/82 пойызы Тальго вагондарымен бір күнде жүретінін нақтылады.

Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан алғашқы пойыз 2 шілдеде шығып одан әрі жұп сандары күні жөнелтіледі, ал Қостанайдан 3 шілдеде шығып  одан әрі тақ сандары күні жүре бастайды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап №603/604 "Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалық" пойызының нөмірленуі №79/80-ге өзгереді. Оның жүру жиілігі күн сайын.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сайт арқылы билеттерді онлайн ресімдеуді сұрайды BILET.RAILWAYS.KZ немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы. Қажет болса, жол жүру құжаттарын сатып алу үшін "күту парағы"функционалын пайдалану ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы