Нұр-Сұлтандағы сақалды құрылыстың тағы бірі аяқталады

18 Наурыз 2021, 21:45
1664
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы сақалды құрылыстың тағы бірі аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір құрылыс биыл аяқталатыны туралы жазды.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар қаланың эстетикалық келбетін бұзады, жаңа нысандарды салу кезінде де белгілі проблемалар туғызады. Әрбір нысанның өз тарихы бар, бұл - адамдардың тағдыры. Осы жылдар ішінде пәтерін күтіп жүрген үлескерлердің балалары өсті, немерелері пайда болды, өкінішке қарай, пәтерін көрмей кеткендері де бар – дейді әкім.

Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес үлестік құрылыс объектілерін аяқтау бойынша жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осындай нысанның бірі – «Шығыс». Құрылысы ұзаққа созылған «Шығыс» тұрғын үй кешені бірнеше топтан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 2 мыңнан астам отбасы. Бүгін осы нысанға бардым. Бұл – «Шығыс» тобының 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3Б, 4А (бірінші кезегі) блоктары. Барлық блоктарға қаржы бөлінді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді. Техаудит қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды: үйдің іргетасы мен жақтауының беріктігін тексеру қажет болды және т. б. Барлық блоктар бойынша мердігерлер анықталды – дейді қала басшысы.

Мысалы, 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, лифтілер мен терезелер орнатылды.

Инженерлік желілер жүргізілді. Жұмысшылар ішкі безендіруге кірісті. 2А және 2В блоктарында үйдің жақтауы көтерілді. Сондай-ақ, шатыр салу жұмыстары аяқталды. Қазір терезелер мен лифтілер орнатылып жатыр. 3А және 3Б блоктарында үйдің қаңқасы мен шатыры бойынша ұқсас жұмыстар жүргізілді. Лифтілер мен терезелер орнатылады. 4А блогында (1 кезек) монолитті жұмыстар жүргізіліп жатыр – дейді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын аяқтап, бұрын аталған тұрғын үй блоктарын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

Бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған нысандар санын 2 есеге азайттық. Биыл тағы 7 мыңға жуық үлескерге баспана беріледі. Үлестік құрылыстың әрбір объектісі бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды, - деп жазды қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы