Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлеріне арналған ашық аспан астындағы концерт өтті

9 Мамыр 2021, 16:20
1748
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлеріне арналған ашық аспан астындағы концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында Нұр-Сұлтанда ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтау қалай жүріп жатқанын мәлім етті.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізу мүмкін болмады

Құрметті достар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз Отан қорғап, батылдық пен қайсарлық танытты. Олардың арқасында елімізде бейбітшілік орнады. Ал олардың өмір жолы - баршамызға жарқын үлгі. Біздің парызымыз - ардагерлерімізді естен шығармау. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізу мүмкін болмады. Бірақ бұған қарамастан, біз ардагерлерімізге сый-құрмет таныттық. Ардагерлердің терезелерінің алдында әскери оркестрдің шеруі мен қойылымы ұйымдастырылды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Балалардың ардагерлерге зор құрметпен қарап, концерт тамашалағаны қуантады. Ардагерлердің кеуделері медальдарға толы екенін көрген балалар олардың әскери оқиғаларын тамсана тыңдады. Мемлекет батырларымызға қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, - деді ол.

Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлеріне арналған ашық аспан астындағы концерт өтті

Сондай-ақ ол ақшалай көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге және еңбек ардагерлеріне, т. б. қарастырылғанын айтты.

Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі мәрте Кеңес Одағының екі Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Ұлы Жеңіс мерекесінде баршаңызға зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деп жазды елорда әкімі.


Өзгелердің жаңалығы