Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мүмкіндігі шектеулі адамадардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың, үкімметік емес ұйымдарның, талдау орталықтарының, халықаралық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Аралас форматта өткен іс-шараны ҚР Орталық сайлау комиссиясының, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі адамадардың қоғамдық және саяси өмірге қатысуын кеңейту» жобасы аясында «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамадардың саяси және қоғамдық қатысуы, инклюзивтілік және қолжетімділік мәселелері бойынша Қазақстандағы базалық зерттеу нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттің, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысына қатысты Мүмкіндігі шектеулі адамадардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының және ЕҚЫҰ стандарттарының негізгі қағидаттары туралы қалың жұртшылықты хабардар ету болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі адамадардың құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің мүшесі Маркус Шефер (Швейцария) және халықаралық сарапшы Аму Урхонен (Финляндия) жоғарыда аталған БҰҰ конвенциясының қағидаттарына және ЕҚЫҰ-ның осы саладағы стандарттарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамадардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуы туралы баяндамалар жасады.
ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Үсен Сүлеймен өз сөзінде сыртқы саясат ведомствосы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Мүмкіндігі шектеулі адамадардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының Екінші факультативтік хаттамасын ратификациялау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ дөңгелек үстел бастамашысы – «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының белсенді қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.