Оралда көктайғақ кесірінен ұшақ әуежайға қона алмады

14 Қараша 2020, 18:09
1070
Бөлісу:
Оралда көктайғақ кесірінен ұшақ әуежайға қона алмады

Алматы, BAQ.KZ.  Орал қаласында Air Astana әуекомпаниясының ұшағы көктайғақ кесірінен қона алмай Ақтөбеге ұшуына тура келді.

«Орал» Халықаралық әуежайдың бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, ұшақ бортында 100 жолаушы болған. Аталған ұшақ  Air Astana әуекомпаниясына тиесілі.

Түнде ауа температурасы күрт төмендеп кетуіне байланысты қалада көктайғақ болды. Осыған байланысты бұл ұшақты Ақтөбеге жіберуге мәжбүр болдық. Біз 100 адамның өмірін қатарге тіккіміз келмеді. Мұз үстіне арнайы ерітінді құйған соң ол еріді, қазір әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, - дейді Расқалиев.
Өзгелердің жаңалығы