Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

5 Желтоқсан 2020, 13:30
2130
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Учаскелік полиция инспекторлары «Ильинка» кентінде Доспамбет жырау көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау кезінде иесіз қалған вагонда ер адамды анықтаған. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер тексеру барысында ұсталған 1977 жылы туған адамның қараша айынан бастап шартты сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтаған. Биыл 27 қарашадан бастап сот осы азамат бойынша мемлекетаралық іздеу жариялаған, - делінген хабарламада.

Іздеуге Қостанай қалалық Солтүстік полиция бөлімі бастамашылық еткен. Ұсталған ер адам қамауға алынған және ПД Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

Айта кетейік, 7 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің 280 мың шамасындағы пәтерді, 85 мыңнан астам жеке және саяжай үйін аралаған.

Өзгелердің жаңалығы