Нұр-Сұлтанда құрылысы 9 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

1 Желтоқсан 2020, 08:50
1155
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда құрылысы 9 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл үй 2011 жылы салына бастаған. Бүгінде мұнда барлық инженерлік желі үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. 

Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендеріне барған кезде үлескерлердің құрылыс бітетініне сейбейтінін байқадық. Алайда құрылыс жұмысы қайта жанданған кезде тұрғындардың үміті ояна бастады. Үлескерлер құрылыс жұмысын талқылауға етене араласты. Сондай құрылыстың біріне айналған «Грант» (Сарыарқа ауданы) тұрғын үй кешені былтыр жазда мен барған алғашқы үйдің бірі. Мәселе көп болды. Үйдің іргетасын қалап, қасбетімен айналысу қажет еді. Сонымен бірге терезе мен есік орнату, ішкі әрлеу жұмысына көшу керек болды. Үйдің құжатын дайындау, инженерлік желіге қосу мәселесі де тұрды. Бұл қолға алған көп шаруаның бір бөлігі ғана» - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Бұл үйді құрылыс салушы 2011 жылы сала бастады, ал 2015 бұл үй проблемалық деп танылған. 

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында үйді пайдалануға бердік. Барлық инженерлік желі үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл үйде 170 отбасы тұрады. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің құрылысын аяқтау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Былтыр 10 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берсек, биыл 20 үйді аяқтап пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы