Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетіледі: жаңа қаулы жарияланды

28 Тамыз 2021, 00:36
7650
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетіледі: жаңа қаулы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек: – бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық шараларға, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық, еске алу іс-шараларды үйде өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын, – деп жазылған құжатта.

Сенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.

30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.


Өзгелердің жаңалығы