Нұр-Сұлтанда АӘК алуға екі күнде 2 мыңға жуық өтініш түсті

3 Сәуір 2019, 19:43
2325
Бөлісу:
 Нұр-Сұлтанда АӘК алуға екі күнде 2 мыңға жуық өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың алғашқы күні 1 мыңнан астам адам өтініш білдірсе, екінші күні 800-ге жуық адам өтініш берді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.

Оның ішінде 128 адам автоматты түрде АӘК алушы болып табылады.

«Әзірге өтінімдерді қабылдаймыз, содан кейін оларды өңдейміз. Бұдан әрі бұл тізімді учаскелік комиссияға береміз. Олар тұрғын үй жағдайларын тексереді, содан кейін АӘК тағайындау туралы анықтама беріледі. Осының барлығы артық дегенде 5 жұмыс күні ішінде істеледі», – деп мәлімдеді қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.


Өзгелердің жаңалығы