Нұр-Сұлтанда BMW X7 жарық бағанына соғылып, аударылып қалды

26 Маусым 2022, 03:45
1418
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда BMW X7 жарық бағанына соғылып, аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда түнде BMW X7 көшені жарықтандыру бағаны мен жол белгісіне соғылып, төңкеріліп қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатының видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағаны мен "Тоқта" жол белгісі тірегіне соғылып, салдарынан көлік аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне босатылды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Ведомстводағылар BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, белгіленген шектегі жылдамдықты асырмау және қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы