Нұр-Сұлтанда базар өртенді

6 Тамыз 2019, 09:03
1905
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда базар өртенді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 тамыз күні «101» пультіне сағат 03:49 Байқоңыр ауданындағы Алаш көшесінде орналасқан "Big Шанхай" базарында өрт шыққандығы туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Өрт сөндірушілер сағат 03:57 оқиға орнына жетті. «Ярмарка» павильонындағы халық тұтынантын тауарлар жанған. Жалпы 30 бутик өртенген. Өртті сағат 04:35 тоқтатып, сағат 05:08 толық сөндірген. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

IMG-20190806-WA0005.jpg

Өрт сөндіру үшін елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 техникасы мен 44 адам жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

IMG-20190806-WA0006.jpg

IMG-20190806-WA0010.jpg

IMG-20190806-WA0012.jpg


Өзгелердің жаңалығы