Президенттің қатысуымен АХҚО Сотының ғимараты ашылды

2 Шілде 2019, 11:02
1939
Бөлісу:
Президенттің қатысуымен АХҚО Сотының ғимараты ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президентінің қатысуымен  AFD екінші күнінің жұмысы өтіп жатыр.

Қазір АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы ғимараты ашылды. Оған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұдан бөлек АХҚО Халықаралық төрелік орталығының төрайымы, корольдік адвокат Барбара Доманн және АХҚО сотының төрағасы Лорд Вульф бар.

презик1.JPEG

Халықаралық төрелік орталығының төрайымы жаңа мекеменің кадрлық құрамы туралы қысқаша айтып, қандай құжаттарға қол қойылғанын баяндады.

«Біздің енді әсем ғимаратымыз бар. Мұнда ең заманауи құрал-жабдықтарды жасадық және сот төрелігін іске асыру үшін электронды түрде құрылғыларымыз, өзіміздің мамандарымыз бар.  Және халықаралық төрелік орталығының жұмысын жасау үшін халықаралық арбитрлар бар. Олардың барлығы көп тілді меңгерген және әртүрлі юридицияда жұмыс жасаған болатын. Біз ең басты халықаралық арбитраж институттарымен де жұмыс жасаймыз. Олармен өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қоя отырып, жұмысымызды жалғастырамыз. 200-дей келісімшарт бар және Халықаралық арбитраж орталығы шындығында қазіргі кезеңде жұмыс жасауда. Біз жұмыс жасау үшін 17 халықаралық сот төрелік орталығын қарадық. Мұның барлығы өте маңызды. Біздің жетістіктеріміз Қазақстан халқының, Қазақстан мемлекетінің инвестицияларымен және қолдауы нәтижесінде жүзеге асып жатыр», - деді Барбара Доманн.

презик2.JPEG

Бұдан кейін АХҚО және Халықаралық сот төрелік орталығы туралы кішігірім бейнеролик көрсетілді.

Бұдан бөлек форум аясында бірнеше тақырып: білімді басқару жүйесі негізінде адами капиталды дамыту, 4-өнеркәсіптік револция кезеңіндегі білім, білімді цифрландыру және тұрақты дамудағы педагогикалық реформалар талқыланады.

EdTech форумының мақсаты – технологияның бүкіл әлемдегі білімді қалай түбегейлі өзгерте алатынын түсіну. EdTech заманауи шешімі оқу процесін айтарлықтай жақсарту және оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы