Нұр-Сұлтанда 2022 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

3 Наурыз 2022, 20:17
1533
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 2022 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл салынатын әлеуметтік баспаналар жайлы мәлім етті.

«Баспана мәселесі қала тұрғындары үшін қашанда өзекті болып қала бермек. Тұрғын үй қолжетімдірек болуы үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олар – жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау және т.б.

Жеңілдікпен берілетін пәтерлер салу жұмысы «Байтерек» холдингінің еншілес ұйымдары желісі бойынша жүріп жатыр. Осы себепті бірқатар ұйымның басшылығымен жиналыс өтіп, өзекті мәселелер қарастырылды. Осылайша бүгінге дейін жүргізілген бағдарламаларды ары қарай жалғастырамыз. Мәселен, қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша – медициналық және әлеуметтік қызметкерлерге, педагогтарға, полиция департаменті мен ТЖД қызметкерлеріне, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған әлеуметтік тұрғын үй.

Өздеріңіз білетіндей, Отбасы банкі желісі бойынша кезекте тұрғандарға өткен жылдан бастап жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Тұрғын үй бойынша жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру бағдарламасы қаламыздың 36 жасқа дейінгі жастарына (күйеуінің/әйелінің жасы маңызды емес) арналған.

Мемлекет басшысы азаматтардың қолжетімді баспана сатып алуына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды. Биыл біз тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды елорда әкімі.

 

Өзгелердің жаңалығы