Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

19 Ақпан 2021, 11:12
1355
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Авиакомпанияның баспасөз қызметі ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты.

19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан - Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды, –  деп хабарлады баспасөз қызметі.

Авиакомпания ұшақтың Алматы әуежайына қауіпсіз қонғанын атап өтті. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы