Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының басшысы қамауға алынды

5 Шілде 2022, 23:48
1433
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен тергеу басталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады, – деді агенттіктің баспасөз қызметі.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы