Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

23 Тамыз 2022, 23:03
1437
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Шыңғыс Әнуарбеков Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Нұр-Сұлтан қаласының Әкіміне және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Шыңғыс Әнуарбековті таныстырды.

Әнуарбеков Шыңғыс Әлібекұлы 1979 жылы туған. Білімі бойынша – қаржыгер, заңгер. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы Түрксиб ауданы бойынша Салық комитеті жергілікті салықтар бөлімінің маманы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

1998 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы наурызға дейін салық органдарында салық инспекторынан бастап аудандық салық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылғы наурыздан Алматы қаласы бойынша Салық департаменті, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2015 жылғы шілдеден 2019 жылғы мамырға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы.

2019 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №621-ж/қ бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы