Нұр-Сұлтан әуежайынан 4 жолаушы депортацияланды

16 Қазан 2020, 09:38
1372
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әуежайынан 4 жолаушы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуекомпанияларының 5 ұшағы қонды. 

Бортта экипаж мүшелерін қоса есептегенде 573 жолаушы болды. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды. 

4 жолаушы депортацияланды.

Өзгелердің жаңалығы