«Қоғамдық пікір» институты сайлауалды сауалнама жүргізуде

12 Қараша 2020, 23:25
1938
Бөлісу:
«Қоғамдық пікір» институты сайлауалды сауалнама жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам белсендісі Нұрат Ілияс «NurOtan» партиясының беделі туралы FACEBOOK-тегі парақшасында ой толғады.

Осы жаңа интернетті ақтарып отырып мынадай бір қызық сайт тауып алдым. Сайттың линкі www.opinions.kz. Сайт қоғамдық пікірлерді зерттейді екен. Оқып отырып таң қалдым. Түсінгенім, «қоғамдық пікір» институты 2020 жылдың қазан айында елдің әр түкпірінен 1200 адамды іріктеп алған және оларға «Егер сайлау келесі жексенбіде өткізілсе, онда сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ қойған.

Жауап бергендердің басым көпшілігі, яғни 72,1% респондент «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін айтыпты. Басқа партиялардың рейтингілері - Ақ жол - 5,1 %; ҚКХП (Халық партиясы) – 2,9%; Ауыл – 2,7%; ЖСДП – 2,3%; Бірлік (Адал) – 1,9% болды. 13,0% респондент әлі ойланбаған, - деп жазды ол.
Оның ойынша, «NurOtan» - саяси партиялардың ішінде әрдайым алғы шепте. Осы пандемия кезінде партияның халыққа көрсеткен көмегін де жазбасында атап өтті. 
Түсінгенім, Нұр Отанға ешкім конкурент бола алмайтын сияқты. Мұның себебі былай деп ойлаймын. Өздеріңіз де жаңалықтардан көріп жүрдіңіздер. Көршілеріңіз, таныс-туыстарыңыз көмек алып жатты. Көктемгі карантин кезінде Нұр Отандықтар әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар үшін алғашқы болып көмек қолын созды.

Партия төрағасының тапсырмасымен « Birgemiz» деген қор құрылды. Ол қорға Қазақстанның ауқатты іскер азаматтары 5 млрд теңгедей қаржы аударды. Кейін осы ақшаны 550 мың отбасына бөліп берді. Ол дегеніміз 2 млн-ға жуық адам көмек алды. Одан бөлек тағы да жағдайлары нашар 100 мың отбасына 50 мың теңгеден таратып берді. «Nur Otan», міне, осындай қайырымдылық жолдармен өзіне электорат жинап үлгерді деп ойлаймын, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы