Норвегияның экс-премьері Қазақстандағы реформаларды құптады

15 Қыркүйек 2019, 14:15
1935
Бөлісу:
Норвегияның экс-премьері Қазақстандағы реформаларды құптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның елшісі Еркін Ахинжанов Норвегияның бұрынғы премьер-министрі, қазіргі уақытта Осло орталығының атқарушы төрағасы Къелл Бондевикпен ізеттілік кездесуін өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Къелл Бондевик Қазақстанға ресми сапармен (2004 жылдың мамырында) келген Норвегияның алғашқы премьер-министрі болып саналады. Әрі ол 2009 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезіне қатысқан болатын.

Елші норвегиялық мемлекет қайраткерін бүгінгі Қазақстанның саяси трансформациясының күн тәртібімен, сот пен құқық қорғау жүйесіндегі реформаларымен, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтқан экономика мен әлеуметтік салаларын дамыту міндеттер туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде Къелл Бондевик Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулер жайындағы жылы естеліктерімен бөлісті және жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары бағдарламасын құптады.

«Мен Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан негізіндегі жетістіктерін және ядролық қарусыз әлем құру жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймын. Сонымен қатар, мемлекеттеріңіз конфессияаралық диалогты ілгерілете білді. Бұл, қазіргі әлемдегі діни негіздер бойынша көптеген қарама-қайшылықтарды ескере отырып, аса маңызды болып табылады. Адамның абыройы, қасиетті жерлерге құрмет, бейбітшілік пен әділет идеялары – бәріміз үшін де ортақ тақырып», - деді Норвегияның бұрынғы премьер-министрі.

Ол тәуелсіз үкіметтік емес ұйым болып табылатын және демократия мен адам құқықтарын насихаттаумен шұғылданатын Осло Орталығының қызметі туралы айтып берді.

«Қазақстан – маңызды ірі мемлекет; ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көпір. Мен үшін жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аса перспективті болып көрінеді және мен оған сәттілік тілеймін», - деді ол кездесу барысында.

Өзгелердің жаңалығы