Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Харальд V басы айналғаннан кейін ауруханаға жатты.
Дәрігерлер жағдайы жақсы деп отыр.
Норвегия королі Харальд V сәрсенбі күні ауруханаға түсті. Бұл туралы Норвегия королдік отбасының баспасөз қызметі хабарлады.
82 жастағы монархтың жағдайы жақсы, тек басы айналғаннан кейін аураханаға жатқан.
Король демалыс күндері ауруханадан шығады, - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Денсаулығына байланысты Харальд V екі апта демалыс алады. Оның міндетін ұлы ханзада Хокон атқарады.
Еске сала кетсек, 2003-2005 жылдары Харальд V қатты сырқаттанып, онкологиялық және жүрек-қан тамыр ауруларына байланысты бірнеше ота жасатты.