2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия құрамасы бес дүркін әлем чемпионы Бразилияны 2:1 есебімен сенсациялық түрде жеңді.
Кездесу АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында өтті.
Норвегияның жеңісіне шабуылшы Эрлинг Холанд себепкер болды. Ол матчтың 79-минутында есеп ашып, негізгі уақыттың соңғы минутында дубль авторы атанды.
Осылайша, Холандтың турнирдегі гол саны жетіге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол Килиан Мбаппе мен Лионель Мессимен теңесті.
Бразилия құрамасы тек қосымша уақыттың 90+10-минутында жауап қайтара алды. Неймар пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін – 2:1 етіп белгіледі.
Енді Норвегия 12 шілдеге қараған түні өтетін ширек финалда Мексика – Англия матчының жеңімпазымен кездеседі.