Норвегия үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасын 2026 жылдың соңына дейін Парламентке ұсынбақ. Бұл туралы премьер-министр Йонас Гар Стере мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Үкімет бұл қадамды балалардың цифрлық кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың балалық шағын экран уақытының шамадан тыс ықпалынан қорғау мақсатымен түсіндіреді. Жаңа ережеге сәйкес, шектеу бала 16 жасқа толған жылдың 1 қаңтарында алынып тасталады.
Билік әлеуметтік желі платформаларына жасты тексеру жүйесін енгізу міндеттелетінін атап өтті. Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл талапты орындау үшін жауапкершілік компаниялардың өзіне жүктеледі.
Норвегия бұл бастамамен Еуропадағы бірқатар елдердің, соның ішінде Франция, Дания, Испания және Португалияның ұқсас шараларына қосылып отыр.