Ноғаев: Қазір жастарды қолдай отырып, біз елдің болашағына инвестиция саламыз

27 Желтоқсан 2023, 16:36
377
Бөлісу:
Ноғаев: Қазір жастарды қолдай отырып, біз елдің болашағына инвестиция саламыз
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

2023 жылы Маңғыстауда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 762 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қаражат 11 ірі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қатысқан аппараттық кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңесте Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай 2023 жылы мәдениет, өнер, спорт, шығармашылық, білім беру, әлеуметтік қолдау, көшбасшылық және зияткерлік салалардағы жастар үшін мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылғанын атап өтті. Мәдениет, білім және театр саласындағы инновациялық жобалар қаржылық, құқықтық және әлеуметтік сауаттылықты жақсартуға бағытталған қолдауға ие болды.

Мұқаш Оралбай өңірдегі жастарды қолдауға бағытталған бірнеше әлеуметтік маңызды жобаларға тоқталды.

"Бастау бизнес" жобасы жоғары нәтиже көрсетті: 3 мыңнан астам жас кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Оның ішінде 106 адам бизнес-жобаларды іске асыруға грант алды, 168 жас кәсіпкерге 2,5% - бен шағын несие берілді.

"Маңғыстау жастары" тұрғын үй бағдарламасы 500 млн теңгеге 42 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында басталды. Қазіргі уақытта 622 өтініш берушіден келіп түскен өтінімдерге техникалық іріктеу жүргізілуде.

Инновациялар және әлеуметтік идеялар саласында "ZhasProject" жобасы бойынша 8 жас грант алды, ал "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы 1 млн теңге көлеміндегі грантпен 25 әлеуметтік бастаманы қолдады. Өңірде алғаш рет әлеуметтік, урбанистік, экологиялық және басқа да бағыттардағы бастамаларды іске асыруда 15 ұйымды қолдай отырып, волонтерлік топтар үшін 300 мың теңге мөлшерінде шағын грант бөлінді.

Жас көшбасшылар Түркияда, Әзірбайжанда және Алматы қаласында тағылымдамадан өтті. Жас көшбасшылардың тағы бір тобы жеті модульден тұратын "Жас көшбасшылар мектебі" жобасы аясында білім алды.

“Mangystau content club” жобасы "Youtube" бейне-хостингінде "Маңғыстау жастары" арнасында подкасттар, роликтер мен шоулар сериясын ұсынды.

"Жайдарман" және "Маусымашар – 2023" ойындары сияқты іс-шаралар өткізілді, сонымен қатар, “Stand up” шоуы және "Қазақша киуз" зияткерлік байқауы ұйымдастырылды.

Шығармашылық жастар үшін өңірде жас көшбасшыларды қалыптастыруға және музыкалық және хореографиялық өнердегі таланттарды қолдауға бағытталған "Жиналайық" жобасы іске қосылды. Сондай – ақ, JasArt Жастар театрының "Беу, Қыздар-ай" және "Мен жастарға сенемін" спектакльдерінің премьералары, сондай-ақ олардың гастрольдік туры өтті.

Алғаш рет республикалық конкурстарға қатысушылардың жол шығындарын толық өтеуді қамтамасыз ете отырып, талантты жастарға жол жүру гранттары берілді.

Кеңесте жастар саясатының басшысы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға қарамастан, келесі жылы шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті. Оларға жастар ресурстық орталықтарын ғимаратпен қамтамасыз ету және осы орталықтардың жастар жобаларына қаражат бөлу қажеттілігін атап өтті.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру ұлғайтылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарды қаржылай қолдау және бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану - ұзақ мерзімді перспективада зор нәтиже беретін инвестиция болып табылады. Біздің жастарымыз қоғамның пайдалы бөлігі болу үшін патриотизм рухында тәрбиеленуі, білімі, еңбекқорлығы, сауаттылығы, әділдігі және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс екеніне сенімдімін. Жеке тұлғалардың осындай қасиеттері бүкіл халықтың сипатына айналуы үшін біз осы құндылықтарды насихаттауға күш салуымыз керек. Қорытындылай келе, біздің жастар болашағымыздың негізгі ресурсы екенін атап өткім келеді. Сондықтан жастардың идеяларын табысты дамыту және іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін бірлескен күш - жігерді жалғастыру маңызды, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Облыста 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 231 137 адамға жетеді, бұл облыс халқының жалпы санының 29,8%-ды құрайды.

Оның 101 477-сі қалаларда, ал 129 660 – ы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Өзгелердің жаңалығы