Нобель лауреаттары Қазақстан студенттеріне үндеу жасады

1 Сәуір 2021, 09:50
4094
Бөлісу:
Нобель лауреаттары Қазақстан студенттеріне үндеу жасады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Нобель сыйлығының лауреаттары Қазақстан студенттеріне үндеу арнап, II Нобель фестивалі мен Нобель дәрістері аптасына қатысуға шақырды.

Орталық Азия елдеріндегі ең ірі ғылыми-көпшілік іс-шара - II Нобель фестивалі 2021 жылы 7-9 сәуірде өтеді.

«Болашақты құру» ұранымен өтетін фестивальдің бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларға бағытталған: Мүмкіндіктер экономикасы, Болашақ индустриясы және EdTrends (білім беру үрдістері). 

Нобель лауреаттары Қазақстан студенттеріне үндеу жасады

Екінші фестивальдің маңызды бөлігі - Қазақстан университеттеріне арналған Нобель дәрістері аптасы, ол Қазақстан мен Орталық Азия студенттеріне әлемдік деңгейдегі ғалымдарға өз сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік ашады.

Дәрістер 2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Қазақстандағы Ғылым күніне орай өткізіледі. 

Іс-шараға Нобель сыйлығының 8 лауреаты және Breakthrough Prize сыйлығының 9 иегері қатысатынын растады.


Нобель фестивалі «Шеврон» корпорациясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Сорос-Қазақстан» қоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «BTS Digital», Redbrick заң фирмасы, АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD), «Ғылым қоры» сияқты серіктестердің арқасында өткізіледі.

Нобель сыйлығының лауреаттары мен басқа да танымал ғалымдардың барлық дәрісін Central Asia Nobel Fest веб-сайтынан көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы