Жалпы жаңалықтар
-
-
Скляр елорда маңын әуеден бақылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады.
13.04.2021
-
Қарағандылықтар вакцина салдыруда белсенділік танытуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда вакцинациялау пунктерінде екпе салдыруға келгендердің қарасы қалың. Халық ерікті түрде екпе салуға ниетті. Бүгінгі күні аймақ тұрғындарының жиырма мыңы вакцина алып үлгерген. Сәуір айының соңына дейін 217 мың адамға вакцина салу көзделуде.
13.04.2021
-
Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов жас сарбаздармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамзаттың ғарышты алғаш игеруіне 60 жыл және тұңғыш қазақ астронавтының ғарышқа ұшуына 30 жыл толуына орай ҚР ҚК Ұлттық әскери – патриоттық орталығында «Ғарышқа жол» атты іс-шара ұйымдастырылды.
12.04.2021
-
Арқалықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орталықтар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен «Қайырымды істер марафоны» аясында Арқалықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды.
12.04.2021
-
Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қарапайым халық өз еріктерімен вакцина салдырып жатыр. Бүгін №6 емханада болып, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алып жатқандар арасында сауалнама жүргіздік.
12.04.2021
-
Атырауда кез келген емдеу орнынан «Спутник V» екпесін алуға болады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын 23 пункт бар.
12.04.2021
-
Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинациялау жүйесі 1 ақпаннан басталды. Ең алдымен медициналық қызметкерлер, кейін әскери қызметшілер және сәуірден бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды.
12.04.2021
-
Сүйікті ісін бизнеске айналдырды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайлық экобелсенділер бірегей кітапхана жасақтап жатыр. Олар жаңа жоба аясында жинақтарды қалған-құтқан қағаздардан басып шығармақ.
12.04.2021
-
Ғарышты бағындырғандар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 60 жыл бұрын адамзат ғарышты алғаш бағындырды. 1961 жылдың 12 сәуірінде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» кемесімен алғаш жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Осыдан бері 12 сәуір күні Ғарышкерлер күні аталып өтеді. Мерейлі мерекеде ғарышты бағындырғандар жайлы сөз қозғасақ.
12.04.2021
-
«Коронавируспен ауырмайын» деп вакцина салдырттым». Шымкенттегі вакцина егу пунктінен фоторепортаж
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе жасайтын 37 пункт ашылған. Таңғы сағат 8:00-ден бастап кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері де адам қабылдайды. 11 сәуір, жексенбі күні Шымкенттегі №3 қалалық емханаға барып, екпе егу жұмысын көріп, коронавирус вакцинасын салдыруға келген, вакцина салдыртқан тұрғындармен сөйлестік.
12.04.2021
-
Қазақтың Қанышы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 12 сәуір – елімізде ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бұл күннің осы атауға ие болуының бірден-бір себебі – Қаныш Сәтбаев. Себебі дәл бүгін қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн.
12.04.2021
-
Құтымбетов: QazCovid-in – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ғалымдары жеңісінің шарықтау шегі коронавирусқа қарсы вакцина болды десек артық болмас. Әлі де соңына дейін зерттелмеген вирусқа қарсы отандық вакцинаның тиімділігі 98 пайызды құрап отыр. Отандық вакцинаның 50 мың дозасы 25 сәуір «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткізіледі. Вакцина әзірлеуші ғалымдардың бірі, профессор Леспек Құтымбетов ғылыми жолы мен қазақстандық вакцинаның артықшылығы туралы айтып берді.
11.04.2021
-
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті.
11.04.2021
-
Көлгінов жаңа шағын ауданға жол төсеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданы аралау барысында қордаланған проблемалардың шешілу жолын айтты.
10.04.2021
-
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық вакцина әзірленді. Оның 50 мың дозасы 25 сәуірге дейін «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткізіледі. Вирусолог мамандар вакцинаны қалай әзірленгенін тізбектеп түсіндіруді жөн көрдік.
10.04.2021
-
Ақтоты Райымқұлованың бастауымен министрлік қызметкерлері 300 түп тал екті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен министрлікке бағынысты мекеме қызметкерлері Түркістан қаласына 300 түп ағаш көшеттерін екті.
10.04.2021
-
Түркістан қалалық емханасында 2050 екпе жасалды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласында екпе егетін пункттердің саны қазіргі таңда 10-ға жеткізілді. Сонымен қатар, бүгінге дейін Түркістан қалалық емханасында 2050 доза вакцина салынды. Бұл туралы аталған емхананың бас дәрігерінің орынбасары Серік Әбдіқұлов мәлімдеді.
10.04.2021
-
Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттері ашылды. Олар жұмысын сағат 10.00-де бастады, науқастарды жазба бойынша қабылдады.
10.04.2021
-
Елордадағы сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері алды. Бұл бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
10.04.2021
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері бойынша кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері және перспективалары бойынша онлайн кездесу өтті.
09.04.2021
Наверх