Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды

10 Сәуір 2021, 14:47
2005
Бөлісу:
Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттері ашылды. Олар жұмысын сағат 10.00-де бастады, науқастарды жазба бойынша қабылдады.

«Мәскеу» ойын-сауық орталығы жұмыс істемесе де, егу пункті қызметін бастады. Күзет қызметіндегілер ғимаратқа тек вакцинацияға алдын ала жазылғандар мен шақырылғандарды кіргізеді, ол үшін қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне ескерту жеткілікті.

Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды

«Мәскеу» СОО егу пунктінің жауапты кезекшісі Гүлдана Төлешова атап өткендей, медицина қызметкерлері сағат 10.00-ден бастап, сағат 20.00-ге дейін алматылықтарға екпе жүргізуді жалғастырады. Дәрігерлер Алматы қаласының № 16 емханасына тіркелген азаматтарға алдын ала қоңырау шалды, сондай-ақ E-gov арқылы вакцинация алуға жазылғандар да бар. Төрт сағат ішінде дәрігерлер 50-ге жуық адамға екпе салды, вакцинация қызу жүріп жатыр.

Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды

Коронавирустан екпе алған ең жас адамның жасы 18-де болса, жасы ең үлкені - 87 жастағы қарт.

Егу пунктінде 2 терапевт дәрігер мен медбикелер жұмыс істейді, адам саны көп емес, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған, кезегін күтушілер бір-бірінен алшақ отырғызылады. Барлығы алдын ала тіркеуден, содан кейін дәрігердің қарауынан өтеді, содан кейін қарсы көрсетілімдер болмаса, пациентті емшара кабинетіне жібереміз,- деп түсіндірді Гүлдана Төлешова.

Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды

Айта кетейік, алматылықтар вакцинацияға саналы түрде барып, өз еріктерімен жазылып, емханаларда да, СОО базасында орналасқан пункттерге де келуде.

Алматыда сауда орындарындағы егу пункттерінде 55 тұрғынға вакцина салынды


Өзгелердің жаңалығы