Жаңалықтар
-
-
Түркістанның Шардара ауданы толықтай газбен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Шардара ауданында №18 газ тарату станциясы салынып жатыр. Жоба іске қосылғанда Шардара қаласы мен 11 елдімекен көгілдір отынға қол жеткізетін болады.
02.05.2019
-
Президент Қаратал ауданы әкімдігіне барды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша істейтін мемлекеттік органның жұмысымен танысты.
02.05.2019
-
Спорттың барлық түріне қолайлы жағдай жасалады - әкім
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. 13 жастағы спортшылар облыс әкімінің кубогі үшін таласады. Турнирдің ашылуына өңір басшысы Оңдасын Оразалин қатысты.
02.05.2019
-
Тоқаев «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Талдықорған, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы кәсіпорынның аккумулятор батареяларын құрастыру жұмысымен, шығарылатын өнімдердің үлгілерімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
02.05.2019
-
Йеменде соғыстың кесірінен 5 млн адам жұмыссыз қалған
Алматы, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні Йеменнің Әлеуметтік істер және еңбек министрлігі елдегі соғыстың кесірінен 5 млн-нан аса адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
02.05.2019
-
Қазақстан Азиядағы көпжақты процестерге белсенді қатысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа (АЫД) қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің 16-шы отырысына қатысты.
02.05.2019
-
30 жас виртуоз Нұр-Сұлтанда пианистер байқауында сайысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жас пианистердің «Astana Piano Passion – 2019» V Халықаралық байқауына қатысуға әлемнің 20 мемлекетінен 114 өтінім келіп түскен.
02.05.2019
-
Елбасы қазақ елі үшін теңдесі жоқ жақсылық жасады – өлкетанушы
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық мойындаған мығым шекарасын бекітіп берді. Бұл жөнінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясын талқылауға арналған отырыс барысында белгілі тарихшы, өлкетанушы Алдияр Әубәкіров айтты.
02.05.2019
-
Қазақстанда үш банк бірікпек
Алматы, BAQ.KZ. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ еліміздегі "Tengri Bank" АҚ-мен бірікпек. Мұндай мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
02.05.2019
-
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне, Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.05.2019
-
Тоқаев Жапония Императорына құттықтау жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры тағына отыруына байланысты Нарухитоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
02.05.2019
-
Қасым-Жомарттың қырық күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне келгеніне 30 сәуір күні 40 күн толды.
02.05.2019
-
Тоқаев Алматы облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
02.05.2019
-
Елордада өртенген жатақхананың иесі өрт қауіпсіздігін сақтамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шығып, бірнеше адам зардап шеккен еді.
02.05.2019
-
Ақмолада 700-ден аса салымшы жаңа пәтерлерге көшеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 700-ден аса салымшы баспанаға қол жеткізеді. Бұл туралы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» Ақмола облыстық филиалы өкілдері өткізген баспасөз турында айтылды.
02.05.2019
-
ОСК: 13 сөйлемнен 19 қате жіберген үміткерді сайлауға тіркеуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулыны қабылдады.
02.05.2019
-
Алматыда жылу құбырларын ауыстыруға байланысты көшелер жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты Гоголь мен Чокин көшелерінің аралығы жабылады. Бұл туралы қалалық мобильдік басқармасы хабарлады.
02.05.2019
-
Мамин Chevron өкілімен мұнай-газ машинасын жасау болашағын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы Chevron барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
02.05.2019
-
Алматыда люктың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда дұрыс жабылмаған люктың қақпағы жол қозғалысы оқиғасына себеп болып, нәтижесінде автобус жолаушысының аяғы сынды.
02.05.2019
-
Нұр-Сұлтандағы өрттен зардап шеккен 11 бала ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шықты.
02.05.2019
Наверх