Алматы әкімі азаматтарды жеке қабылдады

6 Қараша 2019, 16:43
1619
Бөлісу:
Алматы әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Алматы, BAQ.KZ. Маңызды мәселелердің бірі-еңбекақының уақытылы төленбеуі. Өтініш бойынша «ТОЛ-Құрылыс» компаниясының өкіліне қызметкерлердің тізімін жасап, еңбекақы бойынша қарызды жабуды тапсырдым. 

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Сонымен қатар, ол әкімдік аталған компанияның қызметкерлер алдындағы берешек мәселесін шешу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және тиісті тапсырмалар берілгенін жазды.

Қабылдауыма келгендердің арасында тұрғын үй кезегінде тұрғандар көп. Олар үй алу кезегін тездетуді өтінуде. Бұл мәселені біз халықтың мұқтаж санаттары үшін салынатын үй салу көлемін ұлғайту есебінен шешетін боламыз, - деп жазды әкім инстаграм парақшасында.

Сондай-ақ ол, қабылдау барысында қаланың тыныс-тіршілігін жақсарту бойынша ұсыныстар да айтылғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, ауаны тазартатын жүйе ойлап табу, кеңістікті абаттандыру, шығармашылық ойды іске асыру, ана мен бала бойынша ақпаратты цифрлау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Келіп түскен ұсыныстарды қарастырамыз. Мүмкін кейбіреуін «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы жүзеге асырамыз. Кейбір мәселелер терең зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің талқысына түсетін мәселелер бар,-деп жазды әкім.
Өзгелердің жаңалығы