Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген

6 Қараша 2019, 21:01
2210
Бөлісу:
Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 


СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағына 4 литрден пластикалық канистрларға құйылған 400 литр мөлшерінде алкоголь өнімін әкелу фактісін анықтады. Мамлүт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тексеру нәтижесінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін сақтау қоймаларына орналастырылды, - делінген хабарламада.

10 айда "Жаңа жол", "Қызылжар", "Бидайық", "Қарақоға" автомобиль өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезінде, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері тыйым салынған тауарларды әкету фактілерінің жолын кесті:

- қара және түсті металл сынықтары бойынша 390,7 тонна мөлшерінде 52 факті;

- макулатура бойынша 19,9 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- ІҚМ терісі бойынша 21,0 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- мұнай өнімдері бойынша 3,7 мың литр көлемінде 10 факті.

Бұдан басқа, экспорттық бақылау басқармасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталған тауарлардың құны бойынша мәлімделген бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. 1 қарашадағы жағдай бойынша жүргізілген әңгімелесулердің нәтижесінде 6,6 млн теңге сомасына 14 салық төлеуші түзетулер жасап қосымша есептер ұсынды.

Жанама салықтарды уақтылы төлемегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды және бюджетке 15,0 млн теңге өндіріп алынды.

 


Өзгелердің жаңалығы