Жаңалықтар
-
-
Тоқаев мемлекетті «Қазақ Республикасы» деп атауға қарсылығын білдірді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді «Қазақ Республикасы» деп атауға қатысты пікірін айтты. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осы ұсынысты жасаған еді.
31.01.2019
-
Сарыағашта күн электр стансасы іске қосылады
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясым
31.01.2019
-
Жас журналистерге арналған "Bilgen - dara bol" байқауы жарияланды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. "Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ мен "Serpin" Ұлттық білім инновациялық палатасы бірлесе отырып, жас журналистерге арналған "Bilgen - dara bol" жобасын бастады.
31.01.2019
-
Ұрлық жасауды қайталағандарға жауапкершілік күшейтілді
Астана, BAQ.KZ. Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
31.01.2019
-
Астана ІІ ауысымдағы 0-12 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты ІІ ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды.
31.01.2019
-
Қазақстанда 2019 жылы 17 млн тоннадан астам мұнай қайта өңделеді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда 2019 жылы мұнайды қайта өңдеу көлемін 5% арттыру жоспарлануда. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2019 жылы 17,2 млн тоннаға жетеді. Соның ішінде, үш мұнайды қайта өңдеуші зауытта 16,2 млн тонна шикізат өңд
31.01.2019
-
ЕАЭО туралы шартқа Арменияға қатысты өзгеріс енгізілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.
«2015 жылғы 6 желтоқсанда Армения Республикасында конституциялық референдум өтіп, нәтижесінде президенттік бас
31.01.2019
-
Бұдан былай қазақстандық университет қос диплом бере бастайды
Астана, BAQ.KZ. Парижде әлемдегі ең үздік 10 аграрлық ЖОО-ның қатарына кіретін AgriParisTech университеті мен (Франция) С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
31.01.2019
-
Өскеменде қар құсауында қалған 20-дан астам көлік эвакуцияланды
Астана, BAQ.KZ. Өскемен-Алматы тасжолында қар құрсауында қалған 10 шақты жүк көлігі мен 14 жеңіл автомобиль эвакуцияланды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
31.01.2019
-
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Ақпан айында Қазақстан-Қытай шекарасы тоғыз күнге жабылады.
31.01.2019
-
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы заң қабылданды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.
31.01.2019
-
Ертіс өңірінде мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Палводар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тәртіп сақшылары мал ұрлығын кәсіп еткен 12 адамнан құралған үш бірдей қылмыстық топты құрықтады.
31.01.2019
-
"Бәрін басынан бастаймын". Димаш Құдайберген "соңғы" байқауы туралы
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында CBS телеарнасындағы америкалық The World's Best ("Әлемнің үздіктері") таланттар шоуы туралы мәлімдеме жасады.
31.01.2019
-
Қазақстан мен Жапония арасында тұрақты әуе рейсі ашылуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе қатынасын ұйымдастыру үшін қажетті құқықтық негіздемелерді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2016 жылы бастаған. Бұл туралы ведомстоның Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.
31.01.2019
-
Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Астана, BAQ.KZ. Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет», «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында «Ақтау» ойын-сауық кешенінде, ал түстен кейін «Мағаш» базарында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
31.01.2019
-
Күн қашан сөнеді?
Астана, BAQ.KZ - Қандай процестер Күннің жарық шашуына әсер етеді? Күн жүйесінің жұмысына неше жыл қалды? Осы жөнінде Бирмингем университетінің профессоры Бил Чаплин түсіндірді.
31.01.2019
-
Bosch ұшқышсыз әуе көліктерін шығаруға 4 млрд еуро жұмсамақ
Алматы, BAQ.KZ. Автокомпоненттер шығаратын әлемдік жетекші компаниялардың бірі Robert Bosch GmbH 2022 жылдың соңына дейін ұшқышсыз басқарылатын автокөліктер шығару үшін 4 млрд еуро жұмсамақ. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазды.
31.01.2019
-
Халықаралық паралимпиадалық комитет қазақстандық спортшыларды қолдайды – Парсонс
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық паралимпиадалық комитет президенті Эндрю Парсонс Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Бұл халықаралық ұйымның еліміздегі паралимпиадалық қозғалысқа аса назар аудара бастағанын білдіреді.
31.01.2019
-
Моңғолия қазағы Германияда асау үйретіп жүр
Астана BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қарасты Сақсай ауданының қазағы, жылқышы К.Наурызбек Германияның Баден-Вюртемберг облысында асау үйретуге барды. Бұл туралы МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі хабарлады.
31.01.2019
-
Өзбекстанда Каримовке ас берілді
Астана, BAQ.KZ. Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туған күні құрметіне еске алу шаралары өтіп арнайы ас берілді.
31.01.2019
Наверх