Жаңалықтар
-
-
ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
26.09.2019
-
Дәрігерлер түркістандықтардан бірқатар созылмалы ауруларды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы еліміздің шалғай станцияларын аралауды жалғастыруда.
26.09.2019
-
Бауыржан Байбек: Үнсіз отырмай, халықтың алдына шығу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңартылған Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында Бауыржан Байбек партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының жұмысын қайта жандандыру аясында берген бірқатар тапсырмалары туралы айтты.
26.09.2019
-
Бала күтуші 5 айлық сәбиді қинап өлтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Ресейдің Заводоуковск қаласында болды.
26.09.2019
-
Еліміздің бірнеше қаласында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты.
26.09.2019
-
Павлодарлық жас өнертапқыштар тың жобаларын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Торайғыров атындағы ПМУ-да республикалық «Форум ҚХА Жастар Синергиясы» жас IT-мамандарды қолдау жобасы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
26.09.2019
-
Өскеменде трамвай әйнегі сынып, жолаушы жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде трамвайдың терезесі сынып, жолаушыны жарақаттады, деп хабарлады Алтайньюс.
26.09.2019
-
Қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыратын заң жобасы дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте ҚР қаржы вице-министрі Қанат Байеділов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
26.09.2019
-
Митингке шығып жүргендер ақшаны QIWI арқылы алып жатыр – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің экономикалық жұмыс тобында депутат Омархан Өксікбаев сырттан келетін қаржыны ҰҚК-ның бақылауы дұрыс емес деп санайтынын айтты.
26.09.2019
-
Қазақстан мен АҚШ экология саласында маман дайындауды бірлесіп зерттемек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология министрлігі басшысы АҚШ-та америкалық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
26.09.2019
-
Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақы айырмашылығын қысқарту керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтар мен шетелдіктердің еңбекақысында айырмашылық жер мен көктей деді.
26.09.2019
-
«Сыбағадан» сыбағасын алғандар
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, бүгінде ет бағытындағы сиыр өсіріп отырған шаруа қожалықтарына арнайы пресс-тур ұйымдастырды.
26.09.2019
-
Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Лондонда Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды.
26.09.2019
-
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен республиканың 5 облысының, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
26.09.2019
-
«Алтын тұлпар» – Жайық жағасында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданы Алмалы елдімекенінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді.
26.09.2019
-
Күйшілер байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оразбек Сәрсеновтің туғанына 95 жыл толуына орай күйшілер байқауы өтеді.
26.09.2019
-
Ақтөбе әкімі егілген әрбір ағашқа құжат жасауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мавр Абдуллин ұрандап жаппай ағаш отырғызудың шығынға батыратынын айтты, деп хабарлады Aktobenews.kz.
26.09.2019
-
АҚШ 500-ден астам әскери қызметкерін Литваға жібереді
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ әскерилерді алмастыру аясында 500-ден астам әскерін Литваға жіберуге әзір.
26.09.2019
-
Елордада аса құнды құжаттың көшірмесі көпшілік назарына ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архивінде «Рухани жаңғыру: ашық қоғамға - ашық архив» деген атпен семинар және көрме ұйымдастырылуда. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп Facebook-тегі парақшасына жазды.
26.09.2019
-
Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлем чемпионы атанды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші күні Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанды. 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген ол ел қоржынына алғашқы алтынды салды.
26.09.2019
Наверх