Жаңалықтар
-
-
Шығыс Қазақстанда су басу қаупі бар аймақтар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық автокөлік жолдарының кейбір аумақтарын су басуы мүмкін. Бүгінге дейін ең қауіпті деген 12 орын анықталды, деп жазды Хабар 24.
18.03.2020
-
Карантин кезінде кәсіпкерлерге қолдау жасалады – Алматы әкімдігі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер үшін қосымша қолдау жасалады. Әсіресе олардың несиесін шегеру бойынша көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн-брифинг кезінде айтты.
18.03.2020
-
Төтенше жағдай: Қорғаныс министрлігі карантинді қамтамасыз етуге қатысады
Аса маңызды мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді. Әскери қызметшілер Ұлттық гвардия және полиция бөлімшелерімен бірігіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдеуге қатысады.
18.03.2020
-
Цифрлық құжаттар сервисін енгізу мәселені шешеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Асқар Жұмағалиев жаңа заң жобасын таныстырды.
18.03.2020
-
Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда, ал коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті.
18.03.2020
-
Президентке індетке қарсы қабылданған шешімдер жайы баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы премьер-министр, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
18.03.2020
-
Астананы тұман басады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері елордалықтарға дауылды ескерту жасады.
18.03.2020
-
Коронавирус: ауру ошағына айналған Хубэйде бірде-бір жағдай тіркелмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдағы жаңа коронавирус эпидемиясының таралу ошағы болған Хубэй провинциясында қазір COVID-19 коронавирусын жаңадан жұқтырғандардың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
18.03.2020
-
Блок постта құқық бұзғандар тиісті жазасын алады – ПД
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Блок посттар қаланың кіре берістеріне қойылады. Егер адамдар құқық бұзатын болса тиісті жазасын алады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг кезінде айтты.
18.03.2020
-
Нығматулин Хаменованы қимай шығарып салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға әріптестері сәттілік тілеп, шығарып салды.
18.03.2020
-
Коронавирус: Италияда дертті емдеудің жаңа тәсілі қолданылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 коронавирусын емдеу үшін ревмотоидті артрит кезінде қолданылатын "Тоцилизумаб" препаратын тестілеу басталды.
18.03.2020
-
Коронавирус: Бас прокуратура үндеу жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаев коронавирус пандемиясына байланысты үндеу жариялады.
18.03.2020
-
Коронавирус: Алматыда вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды іздеп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Департамент қызметкерлері басқа мемлекеттердің органдарымен бірлесе отырып инфекцияға душар болған адамдармен байланыста болғандарды іздестіруде. Бүгінгі таңда осындай 798 азамат саны анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг кезінде айтты.
18.03.2020
-
Коронавирус: Алматыдағы науқас студент Стамбұлдан келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп еліміздегі коронавирус бойынша 18 наурыздағы 08.00-дегі жағдай туралы айтты.
18.03.2020
-
Коронавирус. Қырғызстанда үш адам жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда коронавирус инфекциясына қатысты алғашқы үш жағдай тіркелді.
18.03.2020
-
"Қазақтелеком" дәрігерлерге ұялы байланыс және интернетті тегін таратады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақтелеком" компаниялар тобы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 5000-нан астам медицина қызметкерлеріне тегін ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз етуге бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды компанияның бұқарамен байланыс қызметі.
18.03.2020
-
Антисептикті өз қолыңызбен жасап алыңыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекенде тіпті қалмаған. Мұндайда антисептикті үй жағдайында жасауға болады
18.03.2020
-
Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді
Нұр-Сұлтан, Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық спортшы Сауль Альварес (53-2-1, 36 КО) үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz Bleacher Report порталына сілтеме жасап.
18.03.2020
-
Коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус бойынша 18 наурыздағы 08.00-дегі жағдай туралы хабарлады.
18.03.2020
-
Түркияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирус жұқтырған бірінші адам көз жұмды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.
18.03.2020
Наверх