Петропавлда "Менің туым" акциясы аясында 500 жалау үлестірілді

4 Маусым 2020, 14:54
5215
Бөлісу:
Петропавлда "Менің туым" акциясы аясында 500 жалау үлестірілді
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласында "Менің туым" акциясы аясында тұрғындарға 500 жалау үлестірілді. Бұл жұмысқа 20 ерікті жұмылдырылды.

Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған акция Петропавл қаласының ҚР Конституциясы көшесіндегі орталық алаңында басталды. Бұл жерде қашан да адым аяғы көп жүреді. Сондықтан ұйымдастырушылардың таңдауы аталған ауданға түскен.

улес1.JPG

Бүгін мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған акцияға атсалысуды жөн санадық. Біздің еріктілер – өз елінің нағыз патриоттары деп ойлаймын. Өз елтаңба, туымыз барын мақтан тұтамыз, - дейді Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азат Мұхаметжанов.
улес2.JPG

Акцияны өткізуге үлес қосқан жастардың қатарында Валерия Сивошенко да бар. Студент өзіне осындай жауапты іс тапсырылғанына қуаныш білдірді.

улес3.JPG

Бүгінгі мерекенің біздің ел үшін орны бөлек. Біз алаңда жалау ұйымдастырып жүрміз. Тұрғындарды мерекемен құттықтап, акция туралы айтып, тарту
жасап жатырмыз. Барлығы қуанышпен қабылдап жатыр, - дейді ерікті Валерия Сивошенко.
тусы1.JPG

Жастар мерекемен құттықтап, қолыма Қазақстанның туын ұстатты. Мерекені сезініп, көңілім бір көтеріліп қалды. Бұл жай ғана көк ту емес, біздің егемен ел екеніміздің нышаны. Мемлекеттік рәміздер құрметке, қастарлеуге лайық. Өскелең ұрпақтың осыны ұғынып, акцияға белсенді қатысып жатқандығы қуантады, - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Зураш Тортаева.
улес4.JPG

Акция аясында қала тұрғындарына жүздеген жалау сыйға тартылды.

улес5.JPG

Өзгелердің жаңалығы