Жаңалықтар
-
-
Қазақстандық Грэмми жеңімпазы Иманбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Грэмми жүлдегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Награданы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Бұл туралы министр Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Алматыдағы көпқабатты үйден есірткі "зертханасы" табылды
Алматыда тыйым салынған өсімдіктер өсірілген пәтер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қазақстан құрамасы Италияда өткен Әлем кубогында 11 медаль жеңіп алды
Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Электр, су, жылу – бәрі бір жүйеде: Жасанды интеллект дәуірінде не өзгереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға, энергетикаға және республиканың цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Жетісуда сынап қалдықтары 3,5 мың баланың денсаулығына қауіп төндірген
Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы 3,5 мың баланы сынапты қалдықтардан қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді: Тоқаев Сағынтаевпен жоспарларды пысықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Қазақстанда суды өз бетінше пайдаланғандарға айыппұл салынды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов су саласындағы заңсыздыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Қазақстанда -35°С аяз болады
Қазақстанға қатаң аяз келуде: синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінын ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 70 мыңнан асты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 70 360-қа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Cу мәселесі: 2026 жылы су көлемі азаюы мүмкін
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов Қазақстанның оңтүстік өңірлерін алдағы вегетация кезеңіне дайындау мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
2025 жылы суару маусымы қалай өтті: Нәтиже жарияланды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов 2025 жылғы вегетация кезеңінің қорытындысы мен су шаруашылығы саласындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Кәсіпкерлер енді контрагенттерін онлайн тексере алады
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне сай тәуекелдерді бағалау жүйесін жаңартып, кәсіпкерлерге контрагенттерді онлайн тексеруге мүмкіндік беретін сервис іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Шопандар үшін тың мүмкіндіктер: Тегін оқу, тұрғын үй және ерте зейнет
Үкімет алдағы 2026–2030 жылдарға арналған «Мал шаруашылығын қолдау және дамыту» бағдарламасын әзірлеуде. Онда бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып отыр. Осы тұрғыда BAQ.KZ тілшісі Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннен жоба туралы сұрады.
08.12.2025
-
Қазақстанда ауа райы нашарлайды: бірнеше облыста көктайғақ күтіледі
2025 жылғы 8 желтоқсанда еліміздің бірнеше облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады деп болжануда. Бұл республикалық автожолдардағы жағдайды қиындатуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қостанайлық тұрғын лицензиясыз қызмет көрсеткен салоннан 1,2 млн теңгесін қайтарып алды
2025 жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған. Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан тұтынушы Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Астанада кинотеатр ғимараты өртенді
Байқоңыр ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке бір қабатты павильонда болған өртті астаналық өрт сөндірушілер таңертеңнен бері сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Роботтар, өңдеу және көпсатылы бақылау: Қазақстанда автомобильдер қалай құрастырылады
Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі өнеркәсіптік дамудың көзге түсетін секторларының біріне айналып келеді. Соңғы жылдары бұл салада елеулі құрылымдық өзгерістер жүріп жатыр. Еліміз ірі торапты жинаудан дәйекті түрде дәнекерлеу, бояу және толық циклді логистика сияқты күрделі өндірістік процестерге біртіндеп ауысып келеді. Алматының индустриялық аймағына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында BAQ.KZ тілшісіне заманауи автомобиль өндіру ісінің қалай ұйымдастырылғаны және кәсіпорындардың өздеріне қандай міндеттер қойып отырғаны көрсетілді.
08.12.2025
-
Атырауда аңшылық қайғымен аяқталды: ер адам серігін абайсызда атып жіберді
Атырау облысында түнгі аңшылық кезінде ер адам серігін абайсызда атып өлтірді. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Әлемде: Бениндегі төңкеріс, Франциядағы ереуіл, Илон Маск мәлімдемесі
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
08.12.2025
Наверх