Жаңалықтар
-
-
Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын ірі зауыт іске қосылады
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
Балабақшадан колледжге дейін: Білім саласындағы реформалар
2025 жыл Қазақстан білім беру жүйесі үшін нәтижелі жыл болды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып, мектепке дейінгі, орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру салаларында бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
31.12.2025
-
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
Биыл да рекордтық деңгейде ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі толық қамту және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері Серік Жұманғарин төрағалық еткен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында қаралды. Жиында аталған бағыттар елдің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі факторларының бірі екені атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.12.2025
-
Дәрігер: Жаңа жыл қарсаңында донорлық қанға сұраныс күрт артты
Мереке күндері де ауруханалар жұмысы тоқтамай, донорлық қанға деген қажеттілік күшейе түседі.
31.12.2025
-
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған спорттық киімі таныстырылды
Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда қысқы Олимпиада аясында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ойындарға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық киім жиынтығы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.12.2025
-
Әлемде: Ирандағы наразылық, Йеменде төтенше жағдай, Украина АҚШ әскерлерін қабылдауға дайын
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
31.12.2025
-
Қазақстан 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
2025 жылы Қазақстан су ресурстарын қалай басқарды?
Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану мен су шаруашылығы саласын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Вегетация кезеңінде тұрақты суаруға 11,1 млрд текше метр су алынып, бұл ауыл шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнімінің 30 пайызына дейінгі үлесін қамтамасыз етті. Бұл көрсеткіш су ресурстарының агроөнеркәсіп кешені үшін стратегиялық маңызын айқын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.12.2025
-
Астанада 50-ден астам адамға пәтерді "жалға берген" павлодарлық ұсталды
Астанада пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру беріп, 50-ден астам адамды алдаған Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.12.2025
-
Қоғам назарындағы 2025: Ең көп талқыланған оқиғалар мен тұлғалар
2025 жыл Қазақстан үшін әлеуметтік, мәдени, спорттық және саяси салаларда елеулі оқиғаларға толы болды. Ел азаматтары үшін бұл жыл тек күнделікті өмірді өзгертумен шектелмей, қоғам назарын аударған тұлғалар мен оқиғалар арқылы есте қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
2026 жылдан бастап зейнетақыға қатысты не өзгереді?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжатта зейнетақы жинақтарына қатысты бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған. Соның ең бастысы – БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері салықтан босатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31.12.2025
-
2025 жылы жедел жәрдем 7,4 млн шақыртуға қызмет көрсетті – ДСМ
2025 жылдың 11 айында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 7 467 926 шақыртуға қызмет көрсетті. Оның 1 375 401-і емханалар жанындағы мобильді бригадаларға, қалғаны жедел жәрдем қызметіне тиесілі. Ең көп шақырту Алматы қаласында, Түркістан облысында және Астанада тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады
Бүгін, 31 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Алайда Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.12.2025
-
Екі пойыз соқтығысты: машинист қаза тауып, 30 жолаушы жарақат алған
Пойызда барлығы 54 адам болған, олардың 30-ы әртүрлі деңгейдегі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді.
31.12.2025
-
Нетаньяху Газада жаңа үкімет құрудың басты шартын атады
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысы толық қарусызданған жағдайда ғана Газа секторында жаңа үкімет құрылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
31.12.2025
-
Доллар, мұнай және инфляция: 2026 жылы теңге бағамын не күтіп тұр
2025 жылдың соңына қарай доллардың әлемдік нарықтағы позициясы айтарлықтай әлсіреді. Бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өтпеді. Сарапшылар негізгі себептердің бірі – АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендету бағытына бет бұруын атады. Осы фактордың әсерінен теңге бағамы да белгілі бір дәлізде қалыптасуы мүмкін. BAQ.KZ тілшісі саралап көрді.
31.12.2025
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: 2025 жыл қандай нәтиже берді?
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шарада ведомство басшысы Ермек Көшербаев 2025 жылғы қызметтің негізгі қорытындыларын таныстырып, 2026 жылға арналған басым міндеттерді айқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31.12.2025
-
АҚШ Иранға жаңа санкциялар енгізді
АҚШ Иранның ядролық қаруды таратпауын бақылау мақсатында жаңа санкциялар жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
31.12.2025
-
Иранда ұлттық валютаның құнсыздануына қарсы наразылықтар әлі тоқтамады
Иранда инфляция мен ұлттық валютаның рекордтық деңгейде құнсыздануына байланысты басталған наразылықтар үшінші күнге ұласты. Алғашында Тегерандағы ірі базар саудагерлерінің ереуілімен басталған акциялар елдің бірнеше қаласына тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
31.12.2025
Наверх