Бас жаңалықтар
Зүлфия Ғабидуллинаның өміріне арналған фильм Ресейде үздік атанды
07 Ақпан 2019, 15:47 800

Зүлфия Ғабидуллинаның өміріне арналған фильм Ресейде үздік атанды

Астана, BAQ.KZ. «QAZSPORT» телеарнасының «История маленькой русалки» атты деректі фильмі «Атлант» (Ресей) XIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде бірінші орынға ие болды.

Отандық спорт телевизиясының тарихында тұңғыш рет «Атлант» (Ресей) XIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде «QAZSPORT» телеарнасының «История маленькой русалки» атты деректі фильмі үздік атанды.

Фильм бас кейіпкердің яғни, Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның өмірге және спортқа деген құштарлығын, соның арқасында көптеген қиындықтарға төтеп беріп, қарсыластарын артта қалдырып, жаңа жеңістерге жетуі жайлы суреттейді.

Аталған жоба 60-тан астам деректі фильмдер арасынан үздік атанып бірінші орынға ие болды. Марапаттау рәсімі 6 ақпан күні Мәскеуде әлемдік спорттың көрнекті қайраткерлерінің, журналистер мен сарапшылардың қатысуымен өтті. Сондай-ақ, маратпаттау барысында кинотеатрда үздік атанған деректі фильмнің ашық көрсетілімі болды.

Айта кетейік, Сценаридің авторы «QAZSPORT» телеарнасының редакторы Аян Кушбаев. Қоюшы-режиссер: Серік Емберген. Операторлар: Саясат Дүйсембиев және Қошқарбай Қалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық «Бабалар мұрасы» деректі фильмі Лондонда жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Сізден жаңалық