Бас жаңалықтар
Жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды
10 Шілде 2020, 10:19 123

Жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды. Енді құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, мәліметтің қате екенін хабарлауға болады.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бірқатар мемлекеттік органмен бірлесе отырып түзету сервисін іске қосуды уәде еткеніміз естеріңізде болар. Егер мемлекеттік органдардың деректер базасында өзіңізге қатысты қате мәлімет болса, сіз ол туралы қашықтан хабардар ете аласыз. Ал бүгін жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды. Енді құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, мәліметтің қате екенін хабарлауға болады, - деп жазды ол.

Министр Еңбек министрлігі көрсететін қызметтердің 24-ін өтінішті жіберу сервисі арқылы алуға болатынын да айтты.

Көпшілігіңіз eGov порталында айыппұлдың бар-жоғын тексеру немесе төлеу барысында бұзушылық бойынша хаттаманы және фотоны көру мүмкіндігін жүзеге асыруды сұраған едіңіз. Бұл мәселені Бас прокуратурамен пысықтап, порталда қолжетімді еттік. ТЖ кезінде eGov порталында уақытша ұсынылған жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеуге өтініш беру қызметін қайтадан іске қосу туралы да маған жазған едіңіздер. Бұл мәселені де Еңбек министрлігімен пысықтадық және қайтадан іске қостық. Сондай-ақ, Еңбек министрлігі көрсететін қызметтердің 24-ін өтінішті жіберу сервисі арқылы алуға болады, - деп жазды Асқар Жұмағалиев. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...