Жылдар жылнамасы: 1997-2000 жылдар. Ұлт тарихы мен ұрпақтар сабақтастығы

5 Қазан 2021, 12:26
3824
Бөлісу:
Жылдар жылнамасы: 1997-2000 жылдар. Ұлт тарихы мен ұрпақтар сабақтастығы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік тарихында алар орны ерекше болған бұл жылдың ел тағдырын түбегейлі өзгерткен жаңалықтар көп. Соның ең бастысы, 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмола қаласына көшірілуі еді.


«Жылдар жылнамасы» – халқымыздың өткені мен бүгінінің негізі болған оқиғалардың тізбегі, тарихи сәттердің куәсі.

Тәуелсіздік алғаннан бері әр жыл белгілі бір тақырыпқа арналып келеді. Мысалы, 1997 жыл – «Саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы», 1998 жыл – «Ұлттық тарих мен бірлігі жылы», 1999 жыл – «Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы» аталып, тағы басқа тарихи оқиғаларға ұласты. Аталған жоба аясында 30 жылдық тарихы бар еліміздегі тарихи жылдарға шолу жасалып, атқарылған істер туралы баяндалады.

Жобамыздың кезекті бағдарламасында белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл еліміздің 1997-2000 жылдары басынан өткерген оқиғаларды сарапқа салды.

Оның айтуынша, бұл кезең – мемлекет аумағында нақты салалар бойынша зерттеулер жүргізілмеген уақыт.

Ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайы жақсы болды деп айта алмаймын. Өйткені стратегиялық нақты қадамдарға енді көше бастаған кез. Дегенмен, халықтың әлеуметтік деңгейі екі есе өсіп, түрлі жобалар қолға алынды. Теңге ішкі нарықта айналымда пайдаланыла бастады. Ірі теміржол мен тас жолдарды салу жоспары жасалды. Бұл жылдары еліміздің саяси-экономикалық жүйесінің негізі қаланды, - деді Еркін Әбіл.
Айта кетейік, жобамыздың екінші санында 1995 жылдардағы Ата Заңымыздың жаңаруы мен 1996 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтыған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы