Жыл соңына дейін жол сапасы 89% жақсарады: Министр жоспарын айтты

21 Сәуір 2020, 11:08
1883
Бөлісу:
Жыл соңына дейін жол сапасы 89% жақсарады: Министр жоспарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында жыл соңына дейін республикалық жолдардың сапасы 89 пайызға жақсаратынын айтты.

Жыл қорытындысы бойынша, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол үлесін тиісінше 89 және 75 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 1,5 мың шақырым жол қамтылып, оның ішінде 1100 шақырымда жұмыстар аяқталады. Жыл соңына дейін 5700 шақырымға төлем жүйелерін орнату, 158 қызмет көрсету нысанын ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру, 23 жанармай құю станциясы салынады. Сондай-ақ 62 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнатылады,- дейді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасының биыл бірінші кезеңі басталады.

Автожол саласында биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырымды жолды қамту жоспарланып отыр. Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 680 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық желі - 421 млрд теңге және жергілікті желі - 259 млрд теңге. Республикалық желі бойынша, құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен 4 мың шақырым автожол қамтылады, - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы