Жыл соңына дейін 1035 ауыл мобильдік кең жолақты интернетке қосылады - Жұмағалиев

11 Маусым 2020, 15:55
2043
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 1035 ауыл мобильдік кең жолақты интернетке қосылады - Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін 1035 ауылдық елді мекен мобильдік кең жолақты интернетке қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. 

Цифрландыруды дамытудың аса қажетті бағытының бірі - кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдарды жылдам интернетпен қамтамасыз ету үшін талшықты оптикалық байланыс желісін салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы іске асырылуда. Оның аясында 20 мың шақырымнан астам оптика тартылды. 1250 ауыл интернетпен қамтылады. Қазір 747 ауылдық елді мекен интернетке қосылды. Қалған 500-дей ауыл жылдың соңына дейін қосылады, - деді министр. 

Министр талшықты-оптикалық байланыс желісінің болуы ұялы байланыс операторларын ауылдарда базалық стансаларды орнатуға ынталандыратынын айтты. 
Ұялы операторлармен меморандумға қол қойдық. Бұл меморандумға сәйкес, жылдың соңына дейн 1035 ауылдық елді мекен мобильдік кең жолақты интернетке қосылады. Қазір жұмыстар аясында 200-ге жуық ауыл кең жолақты интернетке қосылған. Бұл жұмысты міндетті түрде жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Жыл соңына дейін кең жолақты интернетпен халықтың 99,3 пайызы қамтылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы