Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам павлодарлық зейнетке шықты
06 Тамыз 2020, 03:50 129

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам павлодарлық зейнетке шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады, деп жазды рavlodarnews.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының PR-менеджері Мейрамгүл Әбдірахманова жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек екенін еске салды.
ХҚКО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет. Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды. Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және тағы да басқа мәліметтер толтырылуы тиіс, - дейді Мейрамгүл Әбдірахманова.
Сондай-ақ, құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы "Мемлекеттік қызметтер стандарттары" бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі, - дейді маман.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...