Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері 2 100 Балқаш тұрғыны жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапты
20 Қараша 2020, 23:50 102

Жыл басынан бері 2 100 Балқаш тұрғыны жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп 2 500-ден астам адам жүгінген. Оның 2 100-ден астамы жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осындай жақсы нәтижеге мобильді жұмысқа орналастыру пунктін пайдалану арқылы да қол жеткізілді.

Жылжымалы пункттер бүкіл қала бойынша қозғалады, адамдар көп жиналатын жерлерге және шалғайдағы тұрғын шағын аудандарға барады.

Өткен жылмен салыстырғанда Балқашта жұмыссыздар саны азайды. Үміткерлердің орташа жасы 22-ден 40 жасқа дейін. Бұл негізінен әйелдер. Жұмыспен қамту орталығы балқаштықтарға 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады.

Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтар – дәнекерлеуші, ұста, жүргізуші, электрик және аула сыпырушы. Жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындарының толық тізімін enbek.kz сайтынан табуға болады. Уәлиханов көшесі, 5-үй мекенжайына хабарласу қажет, - дейді Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Асылай Өміржан.


Фото: дереккөз
Загрузка...