"Жусан" операциясы. 144 әйел зайырлы өмір салтына оралды

29 Маусым 2020, 11:43
2316
Бөлісу:
"Жусан" операциясы. 144 әйел зайырлы өмір салтына оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жусан" операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйел-азаматшаларымызбен мақсатты түрде жұмыс жүргізгеннің арқасында 144 әйел радикалды ойларынан қайтып, олардың біразы зайырлы өмір салтына өтті. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.

Министрліктің ендігі үлкен жауапты саласы – дін саласы. Бұл бағытта біздің алдымызда 3 өзара байланысты міндет тұр. Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау, - деді министр. 

Министр осыларды іске асыру бойынша келесі бағыттарда жұмыс істеліп жатқанын айтты. 
Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Осылайша өткен 2019 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен 3 милиондай адамды қамтыған 50 мыңнан астам іс-шара өтті. Дін саласындағы проблемалық сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында 300 адамнан тұратын білікті лекторлар пулы құрылды, - деді министр.

Балаева айтып өткендей, осы жылы бұл топтардағы мамандардың санын 500-ге дейін арттырып, 1200 лекторларды қайта даярлықтан өткізуді жоспарлап отыр. 
Бұдан бөлек, "Жусан" операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйел-азаматтарымызбен мақсатты түрде жұмыс жүргізгеннің арқасында 144 әйел радикалды ойларынан қайтып, олардың біразы зайырлы өмір салтына өтті. Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек. Сондықтан да, 2019 жылы 5300-ден аса интернет-ресурстары сарапталып, оның 3200-нен заңға қайшы матриалдар анықталды. Олардың барлығы дер кезінде бұғатталды, - деді ол.  


Министр атағандай, бұл саладағы ең маңыздысы – халықтың радикалды ағымдарға қарсы имунитетін қалыптастырып, елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу. 
Өзгелердің жаңалығы