Жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға болады

25 Қазан 2021, 12:58
10822
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Халық арасында ең танымал қызметтер - көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу. Бұрын әр қызметке шамамен 6 сағат уақыт кететін және оларды корсетуі процестері сенімсіздік туғызатын. Сондықтан 2012 жылы біз 16 облыс орталығында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын аштық, ал қызмет көрсету уақытын 1,5 сағатқа дейін қысқарттық. 2019 жылы біз оларды ел бойынша 103 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірден бере бастадық, - деді Сәрсенов.

Ол атағандай, қызмет көрсету барысындағы полиция қызметкерлерінің, қызмет алушылардың және Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарының байланысы мүлдем алынған.

Полиция тек құжаттардың электронды көшірмелерінің толықтығын тексереді және соттылыққа тексеру жүргізеді. Бұл бізге қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді.Ал қазір жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға немесе ауыстыруға болады.Сонымен қатар өткен жылы әрбір облыс орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын машиналар орнатылды, бұл автокөлік номірлері мен «дубликаттарын» жасауға кететін уақытты 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде осындай екі машина ғана болғандықтан, номірлерді 20-25 күн күтуге тура келетін, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы