Жұмырбаев: Алғыс айту күні - ынтымақ пен бірліктің маңызын арттыратын достық мерекесі

23 Ақпан 2021, 17:24
2093
Бөлісу:
Жұмырбаев: Алғыс айту күні - ынтымақ пен бірліктің маңызын арттыратын достық мерекесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев Алғыс айту күніне қатысты пікір білдірді. 

Алғыс айту күні айтарлықтай жаңа мереке. Биыл - алғашқы шағын мерейтой. Себебі қазақстандықтар бұл мерекені 5-рет атап өтпек. Сондықтан да мерекенің мәні еліміздің мәдениет ерекшеліктерімен тығыз байланысты жаңа дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға ие болып келеді. Алғыс айту күнін мерекелеу идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында ұсынды, - деді Тимур Жұмырбаев. 

Ол атағандай, бұл бастаманы Қазақстанның барлық халқы бірауыздан қолдады. 

2021 жылғы Алғыс айту күні біздің коронавирус инфекциясының әлемдік пандемиясы кезіне келгенімен ерекше болады. Меніңше бұл мереке күн сайын вируспен күресте алдыңғы қатарда еңбек етіп жүрген дәрігерлерге тағы бір рет алғыс айтуға жақсы себеп, - деді Жұмырбаев. 

ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасының айтуынша, «алғыс» сөзінің ұғымы көмек көрсетуден, мейірімділік пен өзара түсіністіктен туындайды. 

Бұл мінез-құлық белгілері Қазақстан халқына тән. Тарихи тұрғыдан қазақ жеріне тұтас бір халық келді. Кейбір жағдайда бұл қайғылы оқиғаларға байланысты болды. Көп халық Қазақстанға жер аударылды, кейбіреулері ГУЛАГ лагерлерінде жазасын өтеп жатты. Осындай қиын сәттерде қазақ халқы көмек қолын созды, келген халықтарды өздерінің мейірімділігімен және жанашырлығымен жылытты, - деді Тимур Жұмырбаев. 

Ол атағандай, адам жанының кеңдігі ұрпақтардың жадында сақталады. 

Қазақстан бүгінде түрлі қызмет саласында еңбек етіп жүрген көптеген этностың үйі мен Отанына айналды. Біз отбасылары түрлі жағдайға душар болып,  Қазақстан жеріне келген азаматтардың есімдерін білеміз. Оның ішінде Александр Затаевич пен Евгений Брусиловский сынды сазгерлер, Латиф Хамиди және Куддус Кужамьяров еліміздің мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Жазушы Герольд Бельгердің есімін кез келген адам біледі. Биофизик Александр Чижевский мен агроном Александр Бараевтың ғылымға сіңірген еңбегі зор. Бұл адамдардың еңбегі шынайы ризашылыққа лайық. Өйткені олар өздері үшін үйге айналған жердің игілігі үшін жұмыс істеді, - деді Тимур Жұмырбаев.

Тимур Жұмырбаевтың айтуынша, Алғыс айту күні біз егемен елдің ұрпағы болуды тәрбиелеген ата-анаға алғыс айтуымыз керек.

Біздің зейінімізді ашып, кеңес пен тәлім-тәрбие беруге көмектесетін мұғалімдерге де алғысымыз шексіз. 1 наурыз - ынтымақ пен бірліктің маңызын арттыратын достық мерекесі. Дәл осы қасиеттер бізді жақындарымызға көрсететін игі істерге жетелейді. Бұл күні барлығына, туған ел мен халыққа алғыс айтуымыз керек, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы