ДДСҰ вакциналардың жанама әсерінен зардап шеккендерге өтемақы төлейді

23 Ақпан 2021, 17:10
1340
Бөлісу:
ДДСҰ вакциналардың жанама әсерінен зардап шеккендерге өтемақы төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төлемдерді COVAX шеңберінде алынған вакцинамен байланысты елеулі жанама әсерлерден зардап шеккендер ала алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымы COVAX Ғаламдық бағдарламасына мүше 92 кедей елдің азаматтарына коронавирустық вакциналарды қолданудың ауыр жанама әсерлері үшін өтемақы төлейді. 

Бұл туралы 23 ақпанда The Guardian хабарлады.

Ұйым өкілдері өтемақы жоспары келісілгенін атап өтті.

Кез келген шағымды толық және түпкілікті шешуде біржолғы өтемақы бере отырып, COVAX бағдарламасы соттарға жүгіну қажеттілігін едәуір азайтуға бағытталған. Өйткені бұл ұзақ және қымбат процесс, - делінген хабарламада.

Өтемақыны COVAX аясында алынған вакцинамен байланысты ауыр жанама әсерлерден зардап шеккендер ала алады.

Өтемақы жоспары 92 кедей елге, соның ішінде Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елінде қолданылады.

Бағдарлама 2022 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді.

COVID-19 вакцинасын сатып алуды өз бетінше қаржыландыратын елдерде де жауапкершілік бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы