Бас жаңалықтар
Жұмағұлов - Альбази жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды
23 Қараша 2020, 13:34 160

Жұмағұлов - Альбази жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Территория ММА» Youtube-арнасы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-4) алдағы жекпе-жегіне арналған промо-ролик жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі 29 қарашада өтеді. Жерлесіміз Лас-Вегаста (Невада) өтетін UFC Fight Night 184 турнирінде шециялық Амир Альбазимен (13-1) кездеседі.

27 жастағы Альбази ММА-ға 2009 жылы тамыз айында 16 жасында аяқ басқан. Ал UFC-дегі дебютін биыл шілде айында өткізді. UFC FN 172 турнирінде ол бірінші раундта Малкольм Гордонды жеңді. 

Ал Жалғас Жұмағұловқа келетін болсақ, қазақстандық файтер UFC туы астындағы алғашқы кездесуін UFC 251 турнирінде өткізді. Ол кездесуде Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайвадан даулы шешіммен жеңілді. 

Қазіргі уақытта Жұмағұлов елімізде Америка Құрама Штаттарына визаның бекітілуін күтіп жүр. Егер виза мақұлданса, файтер Лас-Вегасқа жол тартады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...